Код 1331104 статистическая форма 85-к бланк

код 1331104 статистическая форма 85-к бланк
Үзіліспен жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйым, балалардың саны туралы деректерді үзіліс алдындағы соңғы жұмыс айындағы тізім бойынша береді. Баланың мектепке дейінгі ұйымда тәулік ішінде қанша уақыт болуына қарамастан аз ғана уақытқа келіп-кетуі толық бір күн деп есептеледі. Мектепке дейінгі ұйымда болған күндерді есептегенде оның ішінара (толық жүктемемен емес, бір мезгіл ғана) жұмыс істеген күндері де ескеріледі. Мектеп-балабақша кешені статистикалық нысанды тек мектеп жасына дейінгі балаларға ғана толтырады. Келмеген күндер саны туралы деректер де тиісінше толтырылады. Есепті жылы мектепке дейінгі ұйымның жұмыс күндерінің санын анықтау үшін (5-жол) оның балаларды қабылдаған барлық күндерінің деректері пайдаланылады.

Похожие записи: